Жаңалықтар

Пәкістан 274 ауған әскери қызметкерінің жойылғанын мәлімдеді

115-тен астам әскери техника, соның ішінде танктер, бронетранспортерлер және артиллериялық қондырғылар істен шығарылған / фото: KursivMedia мұрағаты
115-тен астам әскери техника, соның ішінде танктер, бронетранспортерлер және артиллериялық қондырғылар істен шығарылған / фото: KursivMedia мұрағаты

Пәкістанның жауап соққыларынан кемінде 274 ауған әскери қызметкері қаза тауып, 400-ден астамы жараланған.

ТАСС ақпаратына қарағанда, бұл туралы Ислам республикасы қарулы күштерінің қоғаммен байланыс басқармасының директоры Ахмед Чаудхри хабарлады.

«Пәкістанның жауап шаралары нәтижесінде кемінде 274 ауған әскери қызметкері қаза тауып, 400-ден астамы жараланған», – деді ол.

Ахмед Чаудхридің айтуынша, Пәкістан армиясы сондай-ақ Ауғанстанның 73 блок-бекетін жойып, тағы 18-ін бақылауға алған.

Бұдан бөлек, 115-тен астам әскери техника, соның ішінде танктер, бронетранспортерлер және артиллериялық қондырғылар істен шығарылған.

Мұның алдында Ауғанстан мен Пәкістан арасында «ашық соғыс» болып жатқаны хабарланды.