Жаңалықтар

Щучинскідегі жарылыстың видеосы тарады

Screenshot

Әлеуметтік желіде Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылыстың видеосы тарады.

Қайғылы оқиға 26 ақпанға қараған түні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, кафеде газ бен ауа қоспасы жарылған.

https://kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2026/02/5069136931104916739.mp4

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға салдарынан 7 адам қаза тапты. Тағы 20-дан астам адам түрлі жарақат алған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлығы 26 адам зардап шеккен, қазіргі таңда олардың 13-і ауруханада ем қабылдап жатыр.

Қаза болғандардың бесеуі оқиға орнында көз жұмса, екеуі жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Марқұмдардың арасында 16 жастағы бойжеткен бар.