
28 ақпанда Иран әуе кеңістігінің жабылуына және аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana компаниясы Таяу Шығыс бағытындағы рейстер тоқтатылғанын мәлімдеді.
«KC263 Алматы – Медина, KC897 Алматы – Дубай, KC653 Алматы – Доха, KC205 және КС207 Астана – Дубай рейстері ұшып кету әуежайларына қайтып оралады. KC899 Алматы-Дубай рейсі- Делиге, FlyArystan FS7617 Ақтау-Дубай рейсі қосалқы әуеайлаққа ұшты. 28 ақпанда Таяу Шығысқа қалған рейстер тоқтатылды», – делінген хабарламада.
Air Astana жағдайды жіті бақылап, жолаушыларды тасымалдау мәселелерін реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Компания жолаушылардан рейстердің мәртебесін алдын ала тексеруді сұрайды. Себебі ұшу және қону уақыттарында өзгерістер болуы мүмкін. Жидда, Медина және Дубай бағыттарына алынған билеттерді сатып алу орны бойынша 6 наурызды қоса алғанда тегін қайта брондауға немесе қайтаруға болады.
Айта кетейік, бүгін Израиль Иранға қарсы соққы жасағанын елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац хабарлады. Осыдан кейін Трамп АҚШ-тың Иранға соғыс жариялауын ресми мәлімдеді.