
Михаил Шайдоров жайлы жасанды интеллект көмегімен түсірілген ерекше фильм Алматыда алғаш рет көпшілікке көрсетілді. Туынды спортшыны Алматы аренада салтанатты түрде қарсы алу сәтінде экранға шығарылды.
Жанкүйерлер мен қала тұрғындары Шайдоровтың балалық шағынан бастап Олимпиададағы тарихи жеңісіне дейінгі жолын ерекше форматта тамашалады. Көпшілік көз жасына ерік берді.
Фильмде болашақ чемпионның мұзға алғаш қадам басқан сәттері, жаттығудағы тынымсыз еңбегі, қиындықтар мен күмәнға толы кезеңдері әсерлі түрде баяндалады. Жасанды интеллект арқылы жасалған көріністер оның өсу жолын көркем әрі шынайы жеткізген.
Туындыда қазақстандық мәнерлеп сырғанау тарихындағы тағы бір жарқын есім – Денис Тен де көрініс тапқан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген Шайдоровқа Hyundai Palisade көлігін табыстаған еді.