
АҚШ Мемлекеттік департаменті қауіпсіздіктің күрт нашарлауы мен аймақтағы жағдайдың ушығу қаупіне байланысты америкалықтарға Таяу Шығыстағы 14 елден дереу кетуді бұйырды.
Бұл туралы Мемлекеттік хатшының консулдық мәселелер жөніндегі көмекшісі Мора Намдар мәлімдеді. Оның айтуынша, азаматтарға қолжетімді коммерциялық рейстерді пайдаланып, уақыт созбай елден шығып кетуі керек.
Қауіпті деп танылған елдер тізімінде Бахрейн, Мысыр, Иран, Ирак, Израиль, Иордан өзенінің батыс жағалауы және Газа секторы, Иордания, Кувейт, Ливан, Оман, Қатар, Сауд Арабиясы, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктері, Йемен бар.
Көмек қажет ететін америкалықтарға Мемлекеттік департаментке тәулік бойы хабарласуға кеңес беріледі. Сондай-ақ, АҚШ елшіліктері мен консулдықтарынан шұғыл хабарламалар алып тұру үшін азаматтарды STEP жүйесіне тіркелуге шақырады.
АҚШ, Израиль -Иран арасындағы қақтығыс ұзаққа созылуы мүмкін. Жақында Дональд Трамп Иранға жасалатын күшті соққылар әлі алда деп мәлімдеген.