
Көкпардан екінші Әлем чемпионаты 15-21 наурыз аралығында Түркістан қаласында өтеді. Жарыс иесі, Қазақстан құрамасы басты фавориттердің бірі, команда құрамын жариялады.
Көкпардан Әлем чемпионатына он елден ұлттық құрама қатысады деп күтілуде.
Жарыс «Көкпар» дүниежүзілік қауымдастығының ережелері бойынша өтеді, ал төрешілер құрамын осы ұйым іріктеп алады.
Қазақстан құрамасына атақты көкпаршылар Есжан Құрманбай (Жамбыл облысы), Ернат Мәлімбай (Жамбыл облысы), Асылжан Мамыт (Түркістан облысы) және Нұрислам Төлеп (Түркістан облысы) кірді.
16 наурызда топтық ойындар басталады, соңғы кездесу 21 наурызға жоспарланған.
Әлемдік біріншіліктің жалпы жүлде қоры 30 млн теңгені құрайды.
Көкпардан алғашқы Әлем чемпионаты 2017 жылы Астанада өткен EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясында болған. Онда Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына «Қазақ көкпары» енгізілгенін хабарлаған едік.