
Алматылық «Қайрат» халықаралық үзіліс аясында Санкт-Петербургтің «Зенит» клубымен жолдастық кездесу өткізеді. Матч командалардың маусымды жалғастыру алдындағы дайындық кезеңінің бір бөлігі болмақ.
Кездесу 28 наурыз күні Санкт-Петербург қаласындағы «Газпром Арена» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.
Бақылау ойыны «Қайратқа» жарыс ырғағын сақтауға, ойыншылар арасындағы үйлесімділікті тексеруге және ұлттық чемпионаттардағы үзіліс кезінде футболшыларға тәжірибе беруге мүмкіндік береді. Ал «Зенит» үшін де бұл матч ресми ойындар алдындағы дайындықтың маңызды кезеңі саналады.
Алдағы кездесу екі клуб арасындағы серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған кезекті қадам ретінде қарастырылып отыр.
Матчтың тікелей трансляциясы туралы ақпарат қосымша жарияланады.
Еске сала кетейік, «Қайрат» Суперкубок ойынында қостанайлық «Тобылға» есе жіберген еді.