Жаңалықтар

Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі қамауға алынды

Казахстанцы соболезнуют семьям жертв взрыва в Щучинске
фото: ТЖМ

Щучинскідегі «Центр плова» дәмханасының иесі қамауға алынды. Бұл жайлы Ақмола облысының прокуратурасынан хабарлады.

Қазір дәмханада болған өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу») бойынша тергеу жүріп жатыр.

«Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. 2026 жылғы 2 наурызда Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, «Центр плова» дәмханасының иесі ұсталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.

Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

27 ақпан түнде Ақмола облысындағы Щучинск қаласында тұрғын үйде орналасқан дәмханада газ жарылды.

Салдарынан тоғыз адам қайтыс болды, тағы жеті адам ауыр жарақатпен ауруханада жатыр.