Жаңалықтар

Абай гарнизонында әскери қызметші қайтыс болды

В армии Казахстана расследуют случай неуставных отношений после избиения солдата
Абай гарнизонында келісімшарт бойынша әскери қызметші қаза тапты / Фото: Қорғаныс министрлігі

Абай гарнизонында қайғылы жағдай орын алып, соның салдарынан келісімшарт бойынша міндетін атқарып жүрген әскери қызметші қайтыс болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы жағдай әскери техникамен жұмыс істеу кезінде болған. Әскери қызметші ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

«Келісімшарт бойынша әскери қызметші өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақаттар алды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында құзырлы орган өкілдері жұмыс істеуде», – деп хабарлады гарнизонның баспасөз қызметі.

Оқиға фактісі бойынша барлық қажетті тергеу шаралары тағайындалды. Мамандар қайғылы жағдайдың себебін егжей-тегжейін анықтап жатыр.

Әскери ведомство қаза тапқан қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Отардағы сарбаздың жағы сынып, оның денсаулығын қалпына келтіруге екі айға жуық уақыт кетуі мүмкін екені хабарлаған болатын.