Жаңалықтар

Ирандағы қазақ азаматтары Армения арқылы елге келді

фото: Қазақпарат тілшісінен

Ирандағы «Заркух» алтын өндіру компаниясында жұмыс істеп жүрген 34 қазақ азаматы елге қайтты. Олар ҚР елшілігінің араласуымен Армения арқылы жетті. Бұл жайлы «Қазақпарат» жазады.

Қазақстан азаматтары шекараны «Агарак» бақылау-өткізу бекеті арқылы кесіп өтті. Осыдан кейін оларды автобуспен Ереванға апарып, қонақүйге жатқызды. Бүгін, 5 наурызда, Мәскеу арқылы Алматыға ұшып келуі керек.

«Ирандағы әскери қақтығыстар басталғаннан-ақ басшылық Қазақстан азаматтарын эвуакациялау туралы шешім қабылдады. Тізім дайындап, Армениядағы Қазақстан елшілігіне жібердік және жергілікті биліктің көмегімен иран-армян шекарасында «жасыл дәліз» жасалды», – деді «Заркух» компаниясы IT-бөлімінің басшысы Андрей Сухарев.

Ол елшілік қызметкерлеріне алғыс айтып, жұмысшылар тезірек өз орнына оралар деген үміт білдірді.

АҚШ, Израиль – Иран арасындағы қақтығыс басталғаннан кейін Қазақстан ұрыс болып жатқан елдердегі азаматтарын алып кете бастады. СІМ дерегінше, Иранда қазір Қазақстанның 47 азаматы жүр.

Израильде – 163, Қатарда 3 мыңнан астам, БАӘ-де 4 мыңнан астам, Сауд Арабиясында 1 800-дей қазақстандық бар.