Жаңалықтар

Мерекеде гүл сыйлаудан Алматы мен Шымкент жігіттері алда келеді

фото: ашық дереккөзден

Мереке қарсаңында тұрғындар сыйлық ретін корей косметикасы мен гүл шоғырын сыйлағанды жөн көреді. Әсіресе, Алматы мен Шымкент тұрғындары көбірек шығындалады екен. Flowwow маркетплейсі мен «Золотое Яблоко» бьюти-желісі осындай зерттеу нәтижесін жариялады.

Гүлдер мен тәттілер: қызғалдақтар көш бастап тұр

Биыл гүл шоқтарының бағасы өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға арзандаған. Қазақстан бойынша гүл сатып алу орташа есеппен 25 107 теңгеге шығады.

Тұтынушылар аралас композициялардан қарағанда, гүлдің бір түрінен ғана тұратын монобукеттерді 3 есе жиі таңдайды екен. Әсіресе, ақ қызғалдақтар ерекше танымал.

Гүл шоғына ең көп шығындалатын Алматы (25 766 теңге) мен Шымкент (26 195 теңге) тұрғындары екен. Ал «қораптағы гүлдер» санаты бойынша Шымкент қаласы рекордтық 38 234 теңгемен көш бастады.

Гүлмен бірге шоколадтағы құлпынай (орташа бағасы — 15 833 теңге) және ерекше дизайндағы бенто-торттар (8 032 теңге) жиі сатып алынады.

Корей косметикасының дәуірі

2026 жылы сыйлық жиынтықтарының саудасы 27%-ға өскен.  Алматы мен Астанада d’Alba, Sol de Janeiro және Estée Lauder сияқты корей және әлемдік брендтердің күтім жиынтықтары өте танымал. Кірпік пен қасқа арналған өнімдер (L’Оréal, PUSY) бестселлерге айналып жатыр.

Ал Шымкентте тұтынушылар көбіне Tom Ford, Yves Saint Laurent сияқты премиум хош иістері бар сыйлық бокстарын таңдайды.

Парфюмерия және сыйлық карталары

Парфюм сатып алуға қазақстандықтар орташа есеппен 34 771 теңге жұмсайды. Астаналықтар Gucci мен Prada-ны ұнатса, Шымкенттіктер Givenchy мен Dior-ды таңдайды. Алматыда отандық Parfum De Vie бренді алғашқы алтылыққа енді.

Ал Wildberries онлайн-платформасының зерттеуінше, қазақстандықтардың 83%-ы 8 наурыз мерекесін тойлайды. Оның ішінде 76%-ы 40 мың теңгеге дейін сыйлық алуды жоспарлап отыр.