Жаңалықтар

Министрлік Шымкенттегі бір үйде қаза болған 4 тұрғын туралы түсініктеме берді

Фото: shutterstock

Шымкент қаласында бір үйдің тұрғандарының газдан уланып қаза болуына қатысты сараптама тағайындалды.

Бұл туралы Ішкі істер министрнінің орынбасары Санжар Әділов Сенаттың баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

 «Шымкенттегі оқиға байланысты Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша қылмыстық іс қозғадық. Шұғыл тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Шымкент қаласының тергеу департаменті мүдделі өкілетті органдармен бірге», – деді Санжар Әділов.

Оның айтуынша, кеше оқиға орнына сот сараптамалық орталығынан мамандар келген. Министрлік кешенді сараптама тағайындады. Бұл оқиғаның себеп-салдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сосын осы іс бойынша күдіктілер айқындалмақ.

Кеше Шымкент қаласындағы Байтұрсынов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылған болатын. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, олар газдан уланған.

Қайғылы жағдай бес қабатты тұрғын үйде болды. Бір тәуліктің ішінде үш түрлі пәтерден төрт адамның жансыз денесі табылды. Төртінші қабаттағы екі пәтерден үш адамның мәйіті табылса, үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерден студент қыздың қайтыс болғаны белгілі болды. Марқұмдардың ең үлкені 32 жаста, ең кішісі 17 жаста. 32 жастағы әйелдің артында үш баласы қалған.

Мамандар мәйіттерді алып шығу үшін пәтер есіктерін бұзуға мәжбүр болған.