Жаңалықтар

Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран елшісін қабылдады

В МИД РК сделали заявление по конфликту США и Ирана
фото: gov.kz

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иранның Астанадағы елшісі Әли Ақбар Жоукарды қабылдады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Шағын ресми мәліметке қарағанда, кездесу барысында Таяу Шығыс өңіріндегі жағдай сөз болды.

«Тараптар қазақ-иран ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылап, жоғары деңгейдегі келіссөздер нәтижесінде туған уәделерді іске асыруға бейілдігін растады».

СІМ таратқан мәлімдемеде олардың қандай уәделер екені туралы ештеңе айтылмады.

Сәрсенбі күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен сөйлесіп, аймақтағы жағдайды талқылаған.