
Әнші Yenlik ресми түрде Higgsfield AI стартабының амбассадоры атанды. Әртіс бұл жаңалықты өз парақшасында хабарлады.
Қазақстандық өнерпаз Yenlik Higgsfield AI әзірлеген Soul ID технологияның «бет-бейнесі» болды. Бұл технология пайдаланушының бірнеше суреті негізінде оның сыртқы келбетін сақтай отырып, студиялық сападағы фотосуреттер жасауға мүмкіндік береді.
Жаңа технология жарнама мен брендтер үшін контент жасау процесін айтарлықтай жеңілдетпек. Себебі енді ерекше фотосессия жасау үшін түсірілімге уақыт қаражат шығындаудың қажеті болмайды. Стартап өкілдерінің айтуынша, Soul 2.0 моделі бет әлпетінің ерекшеліктерін, этникалық белгілері мен модельдің сыртқы келбетіндегі ең ұсақ детальдарды дәлме-дәл бере алады.
«Біз қазақстандық R&B дауысын Soul ID-дің жаңа креативті амбассадоры ретінде қарсы алғанымызға өте қуаныштымыз. Біздің шығармашылық тандеміміз – бұл озық технологиялар мен нағыз әртістік шеберліктің ұштасуы», – деп жазды Higgsfield AI өкілдері.
Soul 2.0 нұсқасында Soul ID функциясын пайдалану үшін Higgsfield сайтына бірнеше фотосурет жүктеу қажет. Жүйе пайдаланушының цифрлық профилін жасап, содан кейін соның көмегімен адамның бет әлпеті сақталған студиялық сападағы суреттерді генерациялайды.
Осыған дейін Yenlik әлемдік COLORS жобасында өнер көрсеткенін жазған едік.
Higgsfield – отандық стартаптар нарығына бум әкелген платформа. Өткен айда тұңғыш рет unicorn атанған Higgsfield-тің басы дауға қалып, кей өнімдерін ұрлап алды деп айыптаған.