Жаңалықтар

Щучинскідегі кафені жарылыстан бұрын тексерген инспекторлар соттала ма – ІІМ жауабы

МВД не знает, будут ли судить инспекторов, проверявших кафе в Щучинске до взрыва
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Тоғыз адамның өліміне себеп болған Щучинскідегі жарылыстан кейін, мекемені алдын ала тексеруге тиіс болған тұлғалар жауапқа тартыла ма? Бұл сұрақты журналистер Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовке қойды.

ІІМ жауабы

Әділов бұл сұраққа нақты жауап бере алмады. Айтуынша, кафенің иесі ұсталды, Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, Ақмола облысының арнайы прокурорларына берілген. Ал басқа ведомство жүргізіп жатқан тергеуге түсініктеме беруге оның құқығы жоқ екенін айтты.

«Басқа мемлекеттік құқық қорғау органдары тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша, өкінішке қарай, мен пікір білдіре алмаймын», – деді Әділов сенат кулуарында.

Санжар Әділов тексеру комиссиясымен бірге арнайы барып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды күшейтуге уәде берді.

Еске салайық, 27 ақпан түнде Ақмола облысындағы Щучинск қаласында тұрғын үйде орналасқан дәмханада газ жарылды.

Салдарынан тоғыз адам қайтыс болды, тағы жеті адам ауыр жарақатпен ауруханада жатыр.  Ал «Центр плова» дәмханасының иесі қамауға алынды.