Жаңалықтар

СҚО-да азық-түлік бағасын 50 пайыздан аса қымбаттатқан

В СКО накручивали цены на продукты более чем на 50 процентов
СҚО-да азық-түлік бағасын 50 пайыздан аса қымбаттатқан / Фото: Shutterstock

Солтүстік Қазақстан облысында 2026 жылдың басынан бері 20-ға жуық кәсіпкер негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз өсіргені үшін айыппұл төледі. Айыппұлдардың жалпы сомасы 1,5 млн теңгеден асты.

«Жиі анықталатын заң бұзушылықтардың қатарында картоп, сәбіз, күріш, алма және басқа да негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын көтеру фактілері бар. Кейбір жағдайларда сауда үстемесі рұқсат етілген деңгейден 50 пайыздан астамға асып кеткен», – деп атап өтті Сауда министрлігі.

Қалай анықталды?

Тексерушілер дүкендерді қойын дәптермен аралап жүрген жоқ. Олар жай ғана электронды шот-фактураларды – сатып алу бағасы мен сөредегі соңғы бағаны салыстырды.

«Мониторинг ірі сауда желілерін де, үй жанындағы дүкендерді де қамтиды. Рұқсат етілген үстемеден асып кету жағдайлары анықталса, кәсіпкерлерге заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі, сондай-ақ6 әкімшілік айыппұл салынады», – деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Билік заң бұзушылықтар тек жоспарлы тексерулер кезінде ғана емес, сонымен қатар цифрлық мәліметтерді талдау арқылы да анықталатынын ескертті.