
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа тағы бір автокөліктің кілті табысталды.
Бұл жолы спортшыға Zeekr электромобилін Arilan Energy сыйлады.
Айта кетейік, бұған дейін Шайдоровқа Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Hyundai Palisade автокөлігін тарту етті.
Одан бөлек Михаилдың әкесі Станислав Шайдоровқа кәсіпкер Арсен Томский көлік мінгізді.
Алматы қаласы әкімдігі Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтерге сертификат пен жаңа автокөліктің кілтін табыстады.