Қазақстанның халық әртісі, белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев «Отан» орденімен марапатталды. Өнер қайраткері жоғары мемлекеттік наградаға Республика күні қарсаңында ие болды, деп хабарлайды Kursiv Media. Мемлекеттік марапат композитордың қазақ мәдениеті мен музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін берілді. Атап айтқанда, Алтынбек Қоразбаевтың «Музарт» тобының Қазақстанда және шетелде танылуына ерекше еңбек сіңіргені…