Дариға Бадықованың «Соңыра» фильмі төрт күнде 199 млн теңге жинады

Жарияланды 25 Қараша 2026 11:13

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: gov.kz

Кинотеатрларда «Аштық ойындары» және Дариға Бадықованың «Соңыра» фильмдері алғашқы демалыста жоғары нәтиже көрсетті. Екі туынды төрт күнде жалпы 486 млн теңгеге жуық касса жинады.

Freedom Ticketon мәліметінше, 19-22 қараша аралығындағы кассалық түсім бойынша голливудтық «Аштық ойындары: Орақ таңы» фильмі көш бастады. Туынды алғашқы демалыста 286,9 млн теңге жинаған.

Екінші орынға Дариға Бадықованың «Соңыра» фильмі жайғасты. Отандық туынды прокатқа шыққан алғашқы төрт күнде 199 млн теңге жинап, қазақстандық фильмдер арасында үздік нәтиже көрсетті.

Үшінші орында төртінші апта қатарынан көрсетіліп жатқан «Бажа кинода» фильмі тұр. Комедия осы демалыста 128,5 млн теңге жинаған.

Ал «Бауыр» фильмі 83,4 млн теңгемен төртінші орынға жайғасса, «Заманback 2» прокаттың бесінші аптасында 66,8 млн теңге жинап, үздік бестікті түйіндеді.

Кинопрокат

19–22 қараша • ең көп кассалық түсім

1
«Аштық ойындары: Орақ таңы»
286 965 160 ₸
2
«Соңыра»
199 019 730 ₸
3
«Бажа кинода»
128 519 350 ₸
4
«Бауыр»
83 471 660 ₸
5
«Заманback 2»
66 855 980 ₸
6
«Скрудж»
37 676 186 ₸
7
«Күлпәш»
26 425 350 ₸
8
«Қалпақ киген мысық»
24 642 150 ₸
9
«Банкті қалай тонауға болады?»
24 014 794 ₸
10
«Махаббат жасқа қарамайды»
23 660 210 ₸
19–22 қараша аралығындағы кассалық көрсеткіштер

Дариға Бадықованың жаңа жанрдағы фильмі

Бұған дейін комедиялық фильмдерімен танылған Дариға Бадықова бұл жолы көрерменге драмалық туынды ұсынды. «Соңыра» фильмі туралы толығырақ оқи отырыңыз.

Айта кетейік, «Аштық ойындары» фильмінің жаңа бөлімінде қазақстандық актер Диас Қалдыбеков те рөл сомдаған.

Сондай-ақ оқыңыз