
«Дюна» фильмінің үшінші бөлімі Қазақстан кинотеатрларында 16 желтоқсаннан бастап көрсетіледі. Бұл туралы Kinopark кинотеатрлар желісі хабарлады.
Бастапқыда фильмнің Қазақстандағы премьерасы 17 желтоқсанға жоспарланған болатын. Алайда Kinopark көрсетілім бір күн бұрын басталатынын мәлімдеді.
16 желтоқсанда көрермендер фильмді тек IMAX форматында тамашалай алады. Ал 17 желтоқсаннан бастап туынды кинотеатрларда басқа форматтарда да көрсетіледі.
АҚШ-та фильмнің премьерасы 18 желтоқсанға белгіленген. Осылайша қазақстандық көрермендер «Дюнаның» үшінші бөлімін америкалық көрермендерден екі күн бұрын көруге мүмкіндік алады.
«Дюна» не туралы?
«Дюна» – америкалық жазушы Фрэнк Герберттің ғылыми-фантастикалық романдары негізінде түсірілген кинофраншиза. Алғашқы фильм 2021 жылы, ал екінші бөлімі 2024 жылы жарық көрді. Екі туындының да режиссері – Дени Вильнёв.
Фильм оқиғасы алыс болашақта, адамзат әртүрлі ғаламшарларға қоныстанған кезеңде өрбиді. Басты кейіпкер Пол Атрейдес билік үшін күрес пен саяси қақтығыстардың ортасында қалады. Үшінші бөлім осы оқиғаның жалғасы болмақ.
Оқи отырыңыз: Желтоқсанда отандық 15 фильм прокатқа шығады