Айнұр Тұрсынбаева өзін әжуалаған әзілкеш Нұрболхан Шараповқа өлеңмен жауап берді

Жарияланды 23 Қараша 2026 14:33

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Актер, әзілкеш, тележүргізуші Нұрболхан Шарапов айтыскер ақын, блогер Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасады.

Ол айтыскер ақын әнші болса, өлеңді қалай айтатынын көрсетіп, әзілдеген. Бұл әзілге Жазира Байырбекова да үн қосып: «Р-ға тілі келмейтіндер қол көтеріңіздер, біргеміз», – деп күлген.

Айнұр Тұрсынбаева әзілкештің қағытпасына өлеңмен жауап берді:

Ей, Нұрболхан, қал қалай?

Қоя тұршы зарламай!

Сүмірейіп отырсың

Yciп қалған алмадай.

Менің тілім тәп-тәтті,

Болмасыншы шаруаң-ай!

Мендей болу, сен үшін,

Арман, арман, арман-ай…

Тиісе берме аққуға

Қарқылдаған қарғам-ай.

Айтысатын уақыт жоқ,

Жолың болсын ал, давай!

Нұрболхан Шарапов ақынның тапқыр жауабына сүйсініп, күлкіге қарық болды.

Айта кететін жайт, Жазира Байырбек Айнұр Тұрсынбаеваның көріпкелдік қасиетіне таңырқаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз