Жаңалықтар

Талғарда қарындасын зорлап, ағасын өлтірген қылмыскер 25 жылға сотталды

Купили Lexus и Prado вместо лечения сына: в Астане осудили родителей
фото: ашық дереккөзден

Талғарда әйел зорлығы мен кісі өліміне қатысты резонансты істің нүктесі қойылды. Сот күдіктіні кінәлі деп тауып, 25 жылға бас бостандығынан айырды деп жазады Қазақпарат тілшісі.

Іске қатысы бар өзге екі адамды тоғыз жылға қамады.

Жәбірленушінің адвокаты Асылбек Әбдірайымовтың сөзінше, кінәлі тарап жәбірленушілерге 30 млн теңге төлеуі керек. Ал кәмелетке толмаған екі сотталушының әрқайсысы 15 млн теңгеден береді.

Екінші адвокат Жандос Палмановтың айтуынша, отбасы үкімді жұмсақ деп есептеп, қайта апелляцияға бермекші.

Жантүршігерлік істің мән-жайы

Қайғылы оқиға былтыр күзде болған. Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылында ер адам жәбірленуші Аружанды зорлап, бопсалап жүрген. Оның қысымына төзе алмаған келіншек өз-өзіне қол жұмсамақ болады, бірақ дәрігерлер дер кезінде аман сақтап қалады.

Осыдан кейін болған жағдайды ағасына айтып, бірге полицияға арыз жазады. Қылмыскер оны біліп қойып, көшеде Аружанның ағасын атып өлтіреді. Марқұмның артында әйелі, үш баласы қалды.

Одан әрі келіншектің екі жасар қызын ұрлап әкеткен. Бірақ бүлдіршін дін аман-есен қалды.

Болған жағдайдан кейін қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге 12 бап бойынша айып тағылды.