Lifestyle

Жүйкеме тиеді – Еркебұлан Тоқтар Гелик ішінде қиындыққа тап болғанын айтты

Еркебұлан Тоқтар / фото: Instagram
Еркебұлан Тоқтар / фото: Instagram

Жекпе-жек жауынгері әрі актер Еркебұлан Тоқтар Гелендваген көлігінің ішінде отырып, басындағы «қиын жағдайлар» туралы баяндап берді.

«Геликте жүйкеме тиеді. iPhone 17-ім бар менің. 2 терабайт. Нugo деген шалбарымның қалтасынан орындықтың жанына түсіп қалды. Қолымды салып алайын десем, мына Hublot сағат көліктің мына жерін сырып тастай ма деп тұрмын. Қалай аларымды білмей отырмын. Кімде осындай қиындықтар бар? Жаза кетіңіздерші. Қалай шешуге болады?» – деді байыпты түрмен Еркебұлан Тоқтар.

Актер артынша күліп жіберіп: «Проблемаларымыз осындай болсын, достар» – деп әзілдегенін білдірді.

Айта кететін жайт, Гелендваген көлігінің ең арзаны қазақстандық нарықта 121 млн теңгеден басталады. Еркебұлан Тоқтар атаған смартфонның орташа бағасы 1 600 990 теңге көлемінде. Нugo шалбары 100 мың теңгенің шамасында. Hublot сағаты 9 130,00 АҚШ доллары көлемінде.

Айта кететін жайт, Еркебұлан Тоқтар өзіне көмектескен бауырына пәтер сыйлаған еді.