Lifestyle

Ауғанстанда жүргендеймін – Баян Алагөзова Алматы көшесіне таң қалды

Баян Алагузова
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy, бильд-редактор: Дастан Шанай

Продюссер Баян Алагөзова «Қазақфильмге» – танымал телебағдарламаға түсуге бара жатып, Алматы көшесіне шағым айтты.

Оның сөзіне қарағанда, бұл жол жөндеу көрмегеніне көп уақыт болған тәрізді.

«Олимпиада көшесінде көлікпен кетіп барамын. Қай ауданға жататынын нақты білмедім. Оспанов көшесінен Олимпиада көшесіне түстім. Өте нашар көше. Осы ауданның әкімі кім екенін білмеймін. Десе де, Алматы қаласының тұрғыны, автожүргізуші ретінде ескертпемді айтып кеткім келеді», – деді Баян Алагөзова.

Продюссердің сөзінен аңғарылғаны, бұл көшеде ол өзін Қазақстандағы ең ірі әрі бай мегаполисте емес, кедей елде жүргендей сезінген.  

«Құдды бір Ауғанстанда жүрген сияқтымын. Шара қабылдап, Олимпиада көшесіне жөндеу жұмысын жасауды сұраймын. Жол өте жаман жағдайда. Жол жөндей бастайды деп үміттенемін», – деді Баян Мақсатқызы.

Айта кететін жайт, Баян Алагөзова АҚШ-та америкалық актерлермен қазақстандық фильм түсірді.