Жаңалықтар

Алатау қаласы үшін бөлек заң қабылданады: ол не үшін қажет

Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданбақ / Фото: primerminister.kz, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алатау қаласына шетелден қомақты инвестиция тарту үшін арнайы жағдай жасалуы керек. Қалаға ерекше статус беретін арнайы заң қабылданып, азаматтық істерге қатысты сот істері өзгеше тәртіппен қаралуы шарт.

Үшіншіден инвестордың жеке мүлігін қорғау тәртібі бекітіуі керек. Заңгер Бақытжан Базарбектің айтуынша, осының бәрі «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі» туралы Конституциялық заңда жазылмақ.

«Бұл жерде мақсатымыз – тиісті құқықты негіз қалыптастыру. Құқықтың мәртебесін анықтап, оны Ата Заңда бекіту. Бұл заң бізге не береді? Қазір бұл кезекті бір заң жобасы болғанымен, 20-30 жылдан соң жасанды интеллект пен цифровизацияға басымдық беретін жаңа мегаполиске ие боламыз», – деді депутат.

Сонымен қатар ол Шэньчжэнь, Хайнань сынды қалалардың болашағына қытайлардың күмәнмен қарағанын да айтып өтті. Қазір арнайы заң негізінде жұмыс істейтін бұл қалаларға инвесторлар ойланбастан қаржы құятын көрінеді.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы Конституциялық заң жобасы қаралып жатыр.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Alatau City жобасына қанша инвестиция тартылатынын нақты айта алмады.