
Алатау қаласының болашақ басшысы кім болады деген сауал қызу талқыланып жатыр. Бүгін 20 наурыз парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев осыған қатысты ресми пікір білдірді.
«Жастарға жол беру керек»
Журналистер «Алатау қаласына әкім болу туралы ұсыныс түсті ме?» деп сұрады.
«Маған ондай ұсыныстар түскен жоқ. Мен үш рет өңір әкімі болдым. Енді жастарға жол беру керек», – деп қысқа қайырды Бозымбаев.
Қанат Бозымбаев бұған дейін Жамбыл, Павлодар және Алматы облыстарын басқарған тәжірибелі саясаткер.
Еске сала кетейік, Астана мен Алатау қалаларының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітілген еді.