
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Alatau City жобасына қанша инвестиция тартылатынын нақты айта алмады.
Сөзінше, есеп-қисап жүргізіліп жатыр. Жобаның көп жылға жоспарланғаны белгілі.
«Жоба заңды негіздерді талап етеді. Біздің бағыт бойынша арнайы ережелер қабылданады. Бақылауды басқарушы компания арқылы жүргіземіз. Экономикалық есеп-қисап бар», – деді Біртанов.
Алайда нақты қандай сома сөз болып отырғанын нақтыламады.
Айта кетейік, бұған дейін Астана мен Алатау қаласының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітілетінін айтылды. Соған сәйкес, Ұлттық экономика министрлігі «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын әзірлеген.
Заң жобасы бірнеше бағытты қамтиды:
- жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құрылымы мен өкілеттіктерін айқындауды;
- озық халықаралық және шетелдік стандарттарды, техникалық регламенттерді және технологиялық нормаларды қолдануды;
- цифрлық активтердің айналымын реттеуді;
- шағын биіктіктегі экономика саласын (Low Altitude Economy) және электронды ұшқыш аппараттарды (Urban Air Mobility) дамытуды;
- инвестицияларды қорғауға және олардың тұрақтылығына кепілдік беруді;
- салық салудың және бюджеттік қатынастардың ерекше режимін қолдануды көздейді.
Заң жобасы наурыздың сонына дейін президент қарауына енгізіледі.