Жаңалықтар

Журналист Ботагөз Омарова полицияға шақырылды

полиция
Журналист Ботагөз Омарова полицияға шақырылды / Фото: shutterstock.com

Журналист Ботагөз Омарова полицияға тергеу әрекеттеріне байланысты шақырылғанын хабарлады. Бұл туралы желіде Жания Ұранхаева жазды.

Оның айтуынша, сағат 17:45 шамасында ол Алматы қаласы, Сейфуллин көшесі 37 мекенжайында орналасқан полиция бөлімінде болған. Журналисті «президенттік ат қоралары» туралы материалға байланысты әңгімелесуге шақырған.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, Ботагөз Омарова куәгер ретінде, қорғау құқығымен жауап алынады. Істі жүргізіп жатқан тергеуші – Виталий Шутько.

Сағат 18:53-те журналистің адвокаты Әсел Токаева Омарованың әлі де полиция департаментінде екенін мәлімдеді.

Мұның алдында Бас прокуратура белсенді Санжар Боқаевтың ұсталғанын хабарлаған еді.