
21 наурызда президент Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістанға барды. Арнайы облыс халқымен кездесті деп хабарлады Ақорда.
«Бүгін атажұртымыздың алтын бесігі – Түркістан шаһарына тағзым ету үшін арнайы келіп отырмын. Ризамын. Менің Түркістанға ықыласым ерекше екенін жақсы білесіздер. Мемлекет басшысы ретінде алғашқы сапарымды осы өлкеден бастадым. Түркістан – түбі бір түркі жұртының қасиетті шаңырағы», – деп түркістандықтарға жылы лебізін білдірді.
Көпшілікті әз-Наурыз мерекесімен құттықтап өтті
«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – тазару, жаңару уақыты. Тазалық – мән-мағынасы кең ұғым. Бұл – ең алдымен, ой тазалығы, сана мен ниет тазалығы деген сөз». Ұлыстың ұлы күні Жер Ана да, еліміз де жаңарып жатқан осы тарихи сәтте айтылған тілектің мән-мағынасы айрықша деп ойлаймын. Сондықтан ең бастысы елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін. Қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын! Ата заңымыз өз тұғырынан түспесін», – деді президент.
Осыған дейін ол Алматыға жұмыс сапарымен барып, өз атынан көпшілікке ауызашар берді. Сол жерде қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтаған.