
Журналист Ботагөз Омарова «көрінеу жалған ақпарат тарату» ісі бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы Құқықтық медиа-орталықтың заңгері Гүлмира Біржанова мәлімдеді.
Оның айтуынша, 21 наурызға қараған түні сот отырысы өтіп, соның нәтижесінде сот журналиске қатысты екі ай мерзімге үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.
«Курсив» редакциясы ресми түсініктеме алу үшін Астана қалалық полиция департаментіне сауал жолдады.
Еске салайық, 20 наурыз кешке журналист Ботагөз Омарова полицияға тергеу әрекеттеріне байланысты шақырылды. Тілшімен «президенттік ат қоралары» туралы материалға байланысты әңгімелескен.