Қоғам

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 7 минут ішінде жетті / Фото: ТЖМ
Өрт 40 шаршы метрге тараған / Фото: ТЖМ

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылды.

Оқиға орнына барған құтқарушылар жиһаз бен тұрмыстық заттардың эанып жатқанын көрген.

«Құтқарушылар баспалдақ арқылы жоғары қабаттардан 5 адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері де тұрғындарды эвакуациялаған, қалған тұрғындар өз бетінше ғимараттан шыққан», – делінген ақпаратта.

Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті, ішінде бесеуі – полиция қызметкері. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.

40 шаршы метр аумаққа тараған өрт толық сөндірілді. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.