
Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды. Бөтеннің мүлкін қасақана жойды деген күдікпен 40 жастағы күдікті ұсталды.
«Қазір күдікті Шахтинск қалалық ауруханасының арнайы палатасына жатқызылды. Оны арнайы күзет бақылап тұр. Сауығып шыққаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалады», – деп хабарлады облыстың полиция департаменті.
Қазір жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, жарылыстан 8 адам зардап шекті, оның ішінде бес полицей бар.