Қоғам

Тұман және көктайғақ: 23 наурызға ауа райы болжамы

Елдің басым бөлігінде тұман түседі / фото: shutterstock

23 наурызда елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қазгидромет болжамына сәйкес, дүйсенбіде Астанада кей уақытта тұман түседі.

Шымкентте қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Облыстардағы ауа райы

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Атырау облысының шығысында түнде жаңбыр, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман болжанған.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

23 наурызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15 м/с-ге жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және Ақмола облысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман; түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде; Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с-ге жетеді.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанған. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

23 наурызда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.