«Шаршадым»: Еркебұлан Тоқтар Марсель Нұрланбекұлына есе жіберді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Screenshot

Армения астанасы Ереван төрінде өткен кезекті ММА турнирінде қазақстандық танымал актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар мен қырғызстандық Марсель Нұрланбекұлы арасындағы тартысты жекпе-жек аяқталды. Көптен күткен бұл кездесу Еркебұланның жанкүйерлері үшін көңілсіз аяқталды.

Кездесу толық 3 раундқа созылды. Жекпе-жек барысында екі спортшы да өздерінің мықты тұстарын көрсетуге тырысты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер алқасы жеңісті бірауыздан қырғызстандық спортшыға берді.

«Моральдық тұрғыда шаршадым»: Еркебұланның жан сыры

Жекпе-жектен кейін спортшы өзінің қазіргі ішкі күйі туралы ашық айтты. Оның сөзінше, ұдайы жаттығулар мен жауапты кездесулер оны моральдық тұрғыда біраз шаршатқан.

«Шыны керек, қазір моральдық тұрғыда өте қатты шаршадым. Маған үлкен үзіліс, демалыс керек», – деп ағынан жарылды файтер.

Алдағы жоспар: үзіліс пен отбасы құру

Спорттық мансабындағы осы бір қиын сәтте Еркебұлан өмірлік басымдықтарын қайта қарауды жөн санап отыр. Ол алдағы уақытта спорт пен кинодан уақытша қол үзіп, жеке өміріне көңіл бөлуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз