
Боралдайдағы теміржол өткелінде пойыз жолаушылар автобусымен соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
Төтенше жағдай 30 наурыз күні кешке Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы автожолындағы теміржол өткелінде болған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, көмір станциясынан келе жатқан пойыз өткел арқылы қозғалыс жасаған. Маршруттық автобустың жүргізушісі жол бермей, соқтығысуға жол берген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған үш адам медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады полициядан.
Апатқа жол берген маршруттық автобустың жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.
Полицияда ЖКО-ның барлық мән-жайларын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.