Жаңалықтар

Алдағы күндері +32 градусқа дейін ыстық болады

Көктемнің жылы лебі сақталады / фото: KursivMedia мұрағаты
Көктемнің жылы лебі сақталады / фото: KursivMedia мұрағаты

Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша, елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.

Көктемнің жылы лебі сақталады.

Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр жауады.

Батыста кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 15­20 м/с дейін күшейеді. Түнгі және таңғы уақытта ел аумағында тұман күтіледі.

Күндіз ауа температурасы:

солтүстік-батыста +17…+26°C,

солтүстікте +13…+20°C,

орталықта +12…+23°C,

шығыста +5…+22°C,

оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +23…+32°C,

батыста +20…+25°C-тан +13…+20°C-ді көрсетеді.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда ауа райының күрт жылынатынын болжаған болатын. 30 наурызда Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр, тұман, жел күшейеді деп күтілуде. Кейбір аймақтарда су тасқыны қаупі бар.