
Air Astana 2025 жыл үшін әрбір жай акциясына 9.92 теңге көлемінде дивиденд төлеуді жоспарлап отыр. Бұл ұсыныс алдағы акционерлердің жалпы жиналысында ресми түрде бекітілуі тиіс.
Егер сізде халықаралық нарықтағы бір GDR (жаһандық депозитарлық қолхат) болса, оның ішінде 4 акция бар екенін ескерсек, бір қолхат үшін төлем 39.68 теңге болады. Компания бұл мақсатқа жалпы алғанда шамамен 3.5 миллиард теңге жұмсамақ.
Бұл шешім әлі түпкілікті емес. Егер акционерлер бұл ұсынысты қолдаса, ақша 2026 жылдың жазда төлене бастайды.
Айта кетерлігі, биылғы ұсынылған сома өткен жылмен салыстырғанда едәуір аз. Былтыр Air Astana әр акция үшін жалпы 53.7 теңге төлеген болатын. Ол кезде төлемнің екі түрі болды:
- 17.7 теңге – қарапайым дивиденд
- 36.0 теңге – біржолғы арнайы дивиденд
Биыл дивиденд көлемінің өзгеруі компанияның қаржы жағдайына байланысты болып отыр. Былтыр компанияның табысы 2024 жылмен салыстырғанда 4 есе азайған.