
Астанада өткен алықаралық жолдастық матчта Қазақстан ұлттық құрамасы Комор аралдары командасынан басым түсті. «Астана Арена» стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Бұл Талғат Байсуфинов шәкірттерінің осы серия аясындағы Намибиядан (2:0) кейінгі екінші сәтті ойыны.
Ойын тағдырын шешкен жалғыз гол
Матч басталған бойда-ақ, 4-ші минутта жерлестеріміз жылдам гол соқты. Шотландиялық «Хартс» шабуылшысы Ислам Чесноков қарсылас қақпашысын қателікке бой алдырып, соққы бағыттады. Бағанадан қайтқан допты семейлік Рамазан Оразов қақпаға дәл енгізді – 1:0.
FIFA SERIES-2026 Қазақстан – Комор аралдары 1:0 Гол: Оразов (4′)
Бапкерлер бұл жолы 4-3-3 жүйесіне көшіп, құрамда ротация жасады. Қақпашылар Бекхан Шайзада мен Мұхаммеджан Сейсенге кезекпен мүмкіндік берілді. Оралхан Өміртаев соққан гол таласты офсайд себебінен есепке алынбады. Сондай-ақ, қарсылас қорғаушысының қолына тиген доп үшін пенальти берілмеді. Максим Самородов пен Оралхан Өміртаевта есепті еселейтін бірнеше тамаша мүмкіндік болды, бірақ Комор аралдарының қақпашысы Саид Мчиндру өз командасын бірнеше рет құтқарып қалды.
FIFA Series-2026 – түрлі конфедерация құрамаларына өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін ФИФА-ның жаңа жобасы. Астанадағы ойындардан кейін барлық қатысушы командаларға естелік медальдар табыс етілді.