Lifestyle

Қырғыз спортшысынан жеңілген Еркебұлан Тоқтарды халық әуежайдан атойлап күтіп алды

Еркебұлан Тоқтарды әуежайдан атойлап күтіп алды / фото: скрин

Қырғыз спортшысынан жеңілгеніне қарамастан, Еркебұлан Тоқтарды Алматы халықаралық әуежайында халық ерекше қошеметпен, ән-жырмен қарсы алды.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода спортшыны күтіп алуға жүздеген адам жиналғанын көруге болады. Жиналған қауым домбырамен ән шырқап, құрмет көрсетті. Бұл көрініс желі қолданушыларының, соның ішінде көршілес елдердің де назарын аударды.

Инстаграм желісіндегі пікірлер легі халықтың спортшыға деген шынайы махаббатын көрсетті:

«Көңіл-күйіңді түсірме, Алла бұйырса, келесі жолы жеңесің!» – деп жазды Қарақалпақстаннан келген жанкүйер.

«Балам, сен біз үшін чемпионсың, жылап жібердім ғой. Қандай қошемет, қандай құрмет!» «Бүкіл халық сыйлайтын азаматсың» – деп тебіренді оқырмандар.

Еске сала кетейік, Еркебұлан Тоқтар қырғызстандық Марсель Нұрланбекұлынан жеңілген еді.