
Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ШҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты істі қарап жатыр.
«ҚазАқпарат» мәліметіне сүйенсек, жарыссөзде прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыруды сұрады. Прокурордың айтуынша, шенеунік «мемлекеттік қызметші антын бұзған», алайда оның жеті баласы бары және бұрын сотталмағаны жазаны жеңілдететін жағдай ретінде қаралды
Сотталушы кінәсін толық мойындап, тергеуге көмектескен. Адвокаттар оны түрмеге жаппай, айыппұл салумен шектелуді сұрап отыр. Оған қоса, туыстарының шотында айыппұл төлеуге жететін 100 млн теңгеден астам қаражат бар екенін мәлімдеген.
Жақсылық Омар 2025 жылдың сәуірінде облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған, оған дейін 6 жыл Өскемен қаласын басқарған. Биыл ақпанда ұсталып, сот процесі 19 наурызда басталды.
Сот шешімі алдағы күндері белгілі болады.