Жаңалықтар

Студенттердің ЖИ көмегімен жазған курстық жұмысын жаңа антиплагиат жүйесі тексереді

Фото: shutterstock

Студенттердің жасанды интеллект көмегімен жазған курстық жұмыстары мен диссертацияларын тексеретін антиплагиат жүйесі жаңартылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Министр технологияларды қолдануға тыйым салынбайтынын, алайда нақты ережелер енгізілетін айтты.

«Біз алгоритмдер арқылы жасалған мәтіндерді анықтай алатын жаңа антиплагиат жүйелерін жасап жатырмыз. Бұл жүйелерді, мысалы, үлкен деректер жиынтығын өңдеу үшін қолдануға болады, бірақ қорытындыларды жазу үшін пайдалануға болмайды. Қорытындыны студент өзі жасауы тиіс», – деді министр.

Оның сөзінше, университеттер жұмыстардың сапасын бақылауды күшейтіп, осындай материалдарды қабылдамауға немесе диссертацияның күшін жоюға құқық алады.

Ведомство оқытушыларға талапты күшейтіп отыр, себебі студенттермен цифрлық айырмашылық бар. Жақын арада шамамен 40 мың педагог, 20 мың ғылыми қызметкер және 2 мың жетекші ChatGPT-тің білім беру нұсқасын үш жыл бойы пайдалану үшін арнайы оқудан өтеді.

Айта кетейік, осыған дейін Саясат Нұрбек министр болып тағайындалғалы қанша университеттің лицензиясы алынғанын айтты.