Lifestyle

«Мені сатып алмаса, жеңе алмайды»: Еркебұлан Тоқтар айыптауларға жауап берді

Screenshot

Әлеуметтік желідегі демалысынан видео жариялап, арты үлкен дауға ұласқан файтер Еркебұлан Тоқтар өзіне бағытталған ауыр айыптауларға қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады. Жұрт арасында спортшының Марсель Нурланбекұлына қарсы жекпе-жегін 400 млн теңгеге «сатып жібергені» туралы қауесет желдей есіп тұр.

«Арыңды, намысыңды саттың»

Файтердің шетелдегі қымбат демалысын көрген оқырмандар оны «келісімді жекпе-жек (договорняк) өткізді» деп айыптаған. Желі қолданушыларының пікірінше, Тоқтар жеңілісі үшін орасан зор қаражат алып, қазір соның рақатын көріп жүр.

«Біреулер «жеңісіңді букмекерлерге саттың, арыңды, намысыңды саттың, 400 млн теңге алып, енді демалып жүрсің» деп жазып жатыр екен. Бұл сома қайдан шықты өзі?» – деп таңданысын білдірді Тоқтар.

Спортшы мұндай алып-қашпа әңгімелердің ешқандай негізсіз екенін алға тартты.

«А так мені сатып алмаса жеңе алмайды деп ойласаңдар, оған да рахмет», – деп жазды өз парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Еркебұлан қырғызстандақ Марсель Нұрланбекұлымен өткізген жекпе-жегінде төрешілер шешімімен жеңілген еді.