
Ақтөбедегі облыстық әкімдік ғимаратындағы өрт толығымен жойылды. Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, құтқарушылар шақырту орнына бес минут ішінде жеткен.
«Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде әртүрлі жерлерде үш ашық жану ошағы бақыланды. Өртті сөндіру жұмыстары оттың үлкен аумаққа қарқынды таралуына, жанғыш материалдардың болуына, қою түтінге, жоғары температураға, сондай-ақ ғимараттың конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты қиындады», – деп хабарлады ТЖМ.
Ведомствоның нақтылауынша, өртті сөндіруге 80-нен астам адам және 30-ға жуық техника жұмылдырылды. Өрт шарпыған жалпы аумақ 300 шаршы метрді құрады. Төтенше жағдайдың себебі әлі анықталуы тиіс.
Еске сала кетейік, Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан алты қабатты әкімшілік ғимараттың төбесіндегі қатты өрт сөндірілген болатын. Өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақырту бойынша жұмыс істеді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды.