
Америка мен Израиль Иранның мұнай экспортының басты торабы – Харк аралына соққы жасады. Бұл туралы жергілікті Mehr агенттігі хабарлайды.
Хабарламаға сәйкес, Харк аралында бірнеше жарылыс дыбысы естілген. Шабуылдарды «америка-сионистік қарсылас» жүзеге асырғаны туралы хабар тараған.
Дегенмен, агенттік нақты қандай нысандарға соққы жасалғаны және қираулардың бар-жоғын нақтыламады.
Харк аралының өзі Парсы шығанағының солтүстік бөлігінде орналасқан. Онда елдің бүкіл теңіз мұнай экспортының басым бөлігі (90–95%) өтеді. Харк аралында ондаған ірі резервуарлар бар, олардың жалпы сыйымдылығы 28–30 млн баррельге жетеді.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға балағат сөздер араласқан ультиматум қойып, халықаралық жанжал тудырған болатын. Ол егер Тегеран Ормуз бұғазын ашпаса, елдің көпірлері мен электр станцияларына соққы беретінін айтып сес көрсеткен.