Жаңалықтар

Трамптың сөзінен кейін ирандықтар энергетикалық нысандарды қорғауға шықты

Трамп
Трамптың сөзінен кейін ирандықтар энергетикалық нысандарды қорғауға шықты / Фото: Shutterstock

Иран тұрғындары елдің энергетикалық нысандарын қорғау үшін «тірі тізбектер» құрды – адамдар қолдарына мемлекеттік туларын ұстап, тіз қатарға тұрды, деп хабарлайды Tasnim агенттігі.

«Рамазан соғысы кезінде елдің инфрақұрылымы мен электр станцияларына қоғамдық қолдау көрсету мақсатында Хамадандағы Шахид Мофатех атындағы электр станциясының айналасында түрлі тұрғындар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «тірі тізбек» құрылды», – делінген хабарламада.

Тізбекке қатысушылардың арасында балалар мен әйелдер де байқалды. Олардың барлығы қолдарына ту мен плакат ұстап шыққан. Мұндай акциялар Иранның басқа да провинцияларында өтіп жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп егер Тегеран келісімге келмесе немесе Ормуз бұғазын ашпаса, елдің электр станцияларына, көпірлеріне және басқа да инфрақұрылымдарына соққы беруі мүмкін екенін бірнеше рет ескерткен болатын. 6 сәуір күні ол елді бір түнде жойып жіберуге болатынын және сол түннің «бүгін болуы мүмкін» екенін мәлімдеді. Бұған дейін АҚШ президенті Иранға «тозақ орнататынын» айтып сес көрсеткен еді.

Бұған дейін Америка мен Израиль Иранның мұнай экспортының басты торабы – Харк аралына соққы жасағанын жазған едік.