
Freedom Bank Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенге 100% кэшбек береді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Freedom Inside 26 форумында айтылды.
«Фридом Банк Қазақстан» АҚ дамуына қосқан үлесі үшін Димаш Құдайбергенге 100% кэшбэк табыс етіледі» делінген сыйлық сертификатта.
Айта кетейік, 2025 жылы Freedom Bank Димаш Құдайбергеннің бейнесі бар карта шығарды. Содан кейін қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де Freedom Bank картасын қолданатын болған.
«Шын жүректен Freedom ұжымына сәттілік тілегім келеді. Сіздер жасап жатқан игі істің халыққа пайдасы тиіп жатқанын көрген кезде Freedom-ға деген махаббатым ашылды. Қатты ұнағаны – кэшбэк. Қай банк қанша кэшбэк беріп жатқанына мән бермейді екенмін. Бірақ халық болашағына ерекше ден қойып, соған ықпал-әрекет жасап жатқандарыңызға риза болдым. Осы күні сіздермен бір отбасы, дос болып жүргеніме өзімді ерекше бақытты санаймын», – деді Димаш Freedom Inside 26 форумында.
Одан бөлек Freedom Bank-та әйгілі Наруто, Бэтмен, Джокер, Рики мен Морти сынды жаһандық кейіпкерлер бейнеленген карталар сериясы бар.