Жаңалықтар

Баян Алагөзова Тұрсынғалидың биін қайталағандарға 500 мың теңге бермекші

фото инстаграм парақшадан

Баян Алагөзова жолдасы Тұрсынғали Алагөзовтың биін қайталағандарға 500 мың теңге бермекші. Инстаграм парақшасында арнайы конкурс та жариялады.

«Бұл биді қайталау мүмкін емес деп есептеймін. Бірақ, бәлкім, мен қателесетін шығармын? Жүлде – 500 мың теңге. Тик-токқа #алагузоводинводин хэштегімен салыңыздар», – деп жазды продюссер сторисіне.

Бір күн бұрын Тұрсынғали Алагөзов парақшасында 15 секундтық видео жүктеген. Онда кәсіпкер арабша әндердің біріне билейді. Видеоны миллионға жуық адам қарады. Тіпті әзіл трендке де айналдырып үлгерді.

Еске салайық, осыған дейін қоғам болып Алагөзовтардың зәулім сарайын талқылады. Бесінші сәуірде Бейбіт Әлібековтың «По домам» бағдарламасының кезекті бөлімі жарияланды. Ол жұлдызды жұп Тұрсын Алагөзов пен Баян Алагөзованың үйіне арналған. 4 гектар жерде орналасқан, жеке фитнесі мен бассейні бар коттедж көпшілікті таңғалдырған еді.