Hyundai қауіпсіздік белдігіндегі ақау әсерінен 300 мыңға жуық көлігін кері қайтарды
Жарияланды

Оңтүстік Кореяның Hyundai Motor автогигантының американдық бөлімшесі АҚШ аумағында 294 128 автокөлікті кері қайтаратынын жариялады, деп хабарлайды Reuters.
Кері қайтару науқанына төрт модель – Ioniq 6, Santa Fe, Santa Fe Hybrid және флагмандық Genesis G90 ілікті. Бұған жол-көлік оқиғасы кезінде қауіпсіздік белдігінің бекіткіші ажырап кетуі мүмкін өндірістік ақау себеп болған.
«Апат кезінде ол салмақты көтере алмай қалуы мүмкін, соның салдарынан белдік адамды тиісті деңгейде ұстап тұрмайды», – деп хабарлады Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы.
Дилерлер белдік бекіткіштерін тексеріп, қажет болған жағдайда оларды күшейтеді немесе ауыстырады. Жөндеу жұмыстары тегін жүргізіледі.