
Тұрсынғали және Баян Алагөзовтер танымал америкалық тревел-блогер Коннор Кампергиниді қонақ қылды.
Баян Алагөзова киіз үйде дастархан жайып, ет асқан. Шетелдік блогерге қазақтың ұлттық киімі мен ұлттық аспабын да таныстырды.
Бұған дейін Коннор Кампергини Қазақстанға келгенін, алайда өзін ешкім күтіп алмағанын айтып, әлеуметтік желіде видео жариялады.
Айта кетейік, бұған дейін Тұрсын және Баян Алагөзовтер зәулім үйін көрсетті.