
13 сәуірге қараған түні Қостанай–Әулиекөл–Сұрған тас жолында, Әулиекөл маңында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды.
Полиция департаментінің мәліметінше, соқтығыс салдарынан төрт адам өлген. Бұл туралы НГ басылымы хабарлады.
«Алдын ала деректер бойынша, Mercedes-Benz 200 көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан ВАЗ «2107» автокөлігімен бетпе-бет соқтығыс болған», – деді Әулиекөл ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары Ғабит Байжанов.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіліп жатыр.
Аталған жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қай автокөліктің жүргізушілері мен жолаушылары зардап шеккені туралы қосымша ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбады.
Мұның алдында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматыдағы жол апатына кінәлілердің бәрі жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеген еді.